[:kz]
Елордаға бас қала күнін атап өтуге келген қонақтар масаға жем болдық дейді. Шыбын-шіркей әсіресе қонақтар қыдыруға көп баратын қаланың сол жағалауында көп екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Көрнекі фото: Life.ru
Биыл осы мерекеге бірінші рет келіп тұрмыз. Ұлым мен келінім ботаникалық бақ бар деп, сол жерге алып барған еді.
Масаға таланғанымыз соншалық, сау жеріміз қалмады, үсті-басымызды жеп қойды. Бәрінен бұрын немерелеріме обал болды. Біреуінің тіпті құлағы ісіп кетті. Аллергиясы бар адамдарға өте қиын емес пе?
Шыбын-шіркейді уақтылы жойып отырмаса, шетелдіктердің алдында ұятқа қаламыз. Сол себепті, сол бақтағы тобықтан асатын шөптің көзін құрту керек, сондағы суды тазарту керек», — дейді қала тұрғыны.
Маса мен шыбын-шіркейден мезі болған тұрғындарға жаңа әкім Алтай Көлгінов желіде жауап беріп үлгерді. Ол:
«Тұрғындар тарапынан масаларды улауға қатысты шағымдар түсуде. Бұған қатысты аудан әкімдері мен тиісті басқармаға шұғыл түрде шара қабылдауды тапсырдым. Тиісті шараны уақытында қолға алмағандарға тәртіптік шара қолданылады», — деп жазба қалдырған ол.
[:]