АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Масанчиде болған оқиға салдарынан 30 үй қирады[:]

[:kz]

Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында болған жаппай төбелес пен өрт қою салдарынан 30 үй мен 23 көлік қирап қалған, — деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ОКҚ-дағы брифингте мәлімдеді.

«Алдын-ала мәлімет бойынша бұзақылық әрекеттердің, оның ішінде от қоюдың салдарынан 30 жекеменшік үй, 15 сауда нысаны және 23 көлік қиратылған. Қазіргі уақытта оқиға орнын қарау шарасы жүріп жатыр, әрі қарай да басқа мәліметтер таратамыз», — деді министр. 

Айта кетсек, бұған дейін 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Сартөбе және Масанчи ауылдарында полицейлерге шабуыл жасалып, жаппай төбелес шыққаны мәлім болған еді. 

Тоқаев Қордай ауданындағы жағдайға қатысты Жамбыл облысындағы оқиғаларға байланысты қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы мәлімдеме жасаған.
 

[:]