АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мәсімов шпиондардың Қазақстанның құпия құжаттарын қалай ұрламақ болғанын айтты[:]

[:kz]

 

 

 

  1. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің «Егемен Қазақстан» газетінде комитеттің 25 жылдығына арналған мақаласы жарияланды. Онда отандық ұлт­тық қауіп­сіздік органдарының ширек ғасырдағы жеткен жетістіктері баяндалған.

2109756

 

«Нұрсұлтан Әбішұлының ерік-жі­гері мен стра­тегиялық көз­қарасы бүкіл еліміз үшін де және өзінің жаңа тари­хын 1992 жыл­ғы 13 шілдеден бас­таған дербес арнайы құрылым – ұлт­тық қауіп­сіздік органдары үшін де тағдыр­шешті болды», – деп жазады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы. Жа­қында Ақордада ҚР президенті «ЭКСПО»-ның ашы­лу сал­тана­тының қауіпсіздігін тиімді қам­та­масыз еткені үшін басқа ве­домство­лар қатарында ҰҚК органдарына да ризашылығын білдірген.

«Көптеген мемлекет басшылары мен басқа да меймандардың қатысуымен өткен «ЭКСПО-2017»-нің ашылу салтанатын қам­­та­масыз еткен еліміздің бүкіл по­­лиция қызметіне, Ұлттық қауіп­­­сіздік комитетіне, «Сырбар» сырт­қы барлау қызметіне және басқа да ор­гандарға алғыс жариялағым ке­ле­ді», – деді Қазақстан прези­денті.

ҰҚК төрағасының айтуынша, комитет қызметкерлері шетелдік астыртын әрекеттерге тойтарыс берген. «Өткен 25 жыл ішінде біздің қарсы барлаушылары­мыз жеткілікті деңгейде тәжірибе мен ма­шықтарға ие болды. Мемле­кеттік құпияларды қорғаудың, барлау-бүлдіру әрекеті мен Қа­зақстанның ішкі ісіне заңсыз араласуға қарсы тұрудың өзіндік жүйесі қалыптасты. Бірқатар шпиондық әрекеттер мен жекелеген шетелдік арнайы қызметтер мен ұйымдардың мемлекеттік ор­гандарға сыналап кіріп, құпия ақпараттарға қол жеткізу жоспарларының жолы кесілді.

«Сапфир» және «Виктория» қарсы барлау операциялары аса жоғары деңгейде өткізілді. 2007 жылы АҚШ Президенті Дж.Буш: «АҚШ тарихында ядролық таратпау ісінде Қазақстаннан асқан әріптес әзірше болған емес», – деп кездейсоқ айтпаса керек», – деп жазады Кәрім Мәсімов.

Оның айтуынша, халықаралық қалыптасқан жағдайларға байланысты ҰҚК мекемені жаңғырту және ребрендинг жасау жұмыстары жалғас­тырылып келеді. «Заман талабы еліміздің алдына жаңа сынақ­тар қойып отыр. Бұл жайт қауіп­сіздік қызметінің қырағы­лығын, ұтқырлығын, техникамен жаб­дықталуын және ерекше шешім қабылдауын қажет етеді. Біз алдын ала әрекет жасауды меңгердік және бүгінде ҰҚҚ кез келген тапсырманы орындауға әзір екенін айта аламыз», – дейді ҚР ҰҚК төрағасы.

Источник: Stan.kz

[:]