АЛТЫНОРДА
Сот ісі

[:kz]»Мәсімовтің басшылығымен ҰҚК істі қолдан жасады»: Мұратхан Тоқмәди президентке ашық хат жазды[:]

[:kz]

Осыдан 4 жыл бұрын банкир Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін сотталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди президентке істі қайта қарауды сұрап ашық хат жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқмәдидің айтуынша, ҰҚК қызметкерлері оны қорқыту, ұрып-соғу, азаптау, отбасына моральдық-психологиялық қысым көрсету сондай-ақ шоттарын жауып, мүлкіне тыйым салу арқылы кінәсін мойындатуға және іс жүргізу келісіміне қол қоюға көндірген.

Тоқмәди сол кездегі ҰҚК басшылығында отырған Кәрім Мәсімов пен Руслан Ысқақовтың мақсаты оппозиционер Мұхтар Әбілязовты тұтқындау және Қазақстанға экстрадициялау болғанын айтады. 

Әбілязов өзінің бұрынғы бизнес-серіктесі Тәтішевті өлтіруге тапсырыс беруші деп танылған болатын. Іс материалдары бойынша, ол Мұратхан Тоқмәдимен келісімге отырып, 2004 жылы желтоқсанда Тәтішевке аң аулау кезінде өлтірген. 

«Мен 5 жылдан бері жасамаған қылмысымның жазасын өтеп келемін! Маған және менің жақындарыма көптеген азап келтірген осы оқиғаның барлығын Бас прокуратураның, ІІМ-нің, соттардың белсенді түрде жәрдемдесуімен Кәрім Мәсімов бастаған ҰҚК қызметкерлері тобы ойлап тауып, іске асырды. Олардың басты мақсаты Мұхтар Әблязовты экстрадициялау болды. Алайда, олар сәтсіз аяқталды және осы жылдың қаңтарында олардың барлығы қамауға алынды. Сондай-ақ көптеген қылмыстары туралы шындық біртіндеп белгілі бола бастады… «, – деп жазады Тоқмәди. 

Еске сала кетейік, 2007 жылы Тоқмәди Тәтішевтің абайсызда қаза тапқаны үшін рақымшылық жасау жазасынан босатыла отырып, бір жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

2017 жылы сот Тоқмәдиді бопсалау және қаруды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүргені үшін кінәлі деп тауып, үш жылға бас бостандығынан айырды.

2018 жылдың наурыз айында Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін Мұратхан Тоқмәди он жарым жылға сотталды. Әбілязов сот шешімімен сырттай өмір бойына бас бостандығынан айырылды. 

Мұратхан Тоқмәди келісімдерге сәйкес оған 5 жыл мерзім «уәде етілген» деп отыр. Алайда кәсіпкер 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Осыдан кейін қол қойылған процестік келісім істен жоғалып кетті. 

Айта кетсек, ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталған болатын. Сондай-ақ ҰҚК департаменттері бірінің басшысы Руслан Ысқақов ұсталды.

[:]