[:kz]Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды [:]

[:kz]

Бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысында депутат Бекболат Тілеуханның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында төраға Берік Имашевтің қаулысы жарияланды. «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Қанайұлы Тілеуханның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Қ. Тілеуханның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін», — делінген қаулыда.

kaz.nur.kz

[:]