АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Мейрамбектің келіншегіне керағар пікір білдіргендерді өнер жұлдыздары сабырға шақырды (ВИДЕО)

[:ru]Талайды қазақы қоңыр үнімен баурай білген Мейрамбектің жарының өзге тілде шүлдірлеуі, көптің көңілін су сепкендей басты.[:kz]

Талайды қазақы қоңыр үнімен баурай білген Мейрамбектің жарының өзге тілде шүлдірлеуі, көптің көңілін су сепкендей басты.

Бесбаевтың келіншегіне кереғар пікір білдіргендерді өнер жұлдыздары сабырға шақырды, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталының тілшісі деп жазады  Skifnews.kz ақпарат порталы

Таяуда ғана Мейрамбек Бесбаев шағын ортада 43 жасын тойлаған еді. Дәл осы меншікті мерекесінде жары Мархабат өнер иесін орыс тілінде құттықтап, тосын сыйын табыс еткен. Сол сәтте таспаланған бейнеролик, желіде лезде тарап үлгерді. Талайды қазақы қоңыр үнімен баурай білген Мейрамбектің жарының өзге тілде шүлдірлеуі, көптің көңілін су сепкендей басты.

«Қазақтың ел танитын баласының әйелі бола тұра, орысша сөйлегенің не? Ұят! Ана тілі қайда? Қазақша сөйлеп жүрген ауылдың қызы еді.  Орысша сөйлеп өзінше болып қалыпты», – деп жазды оқырмандар.

Мархабаттың болмысына жатырқай қараған көпшіліктің пікірімен Мақсат Базарбаев келіспейді. Дәл сол кеште қонақтар қатарында болған Мейрамбектің досы, ешбір әбестіктің жоқтығын алға тартты.

«Бұл жерде ешқандай қылмыстық әрекет көріп тұрған жоқпын. Әр адам қандай тілде сөйлегісі келсе, өзі біледі ғой. Түсінікті айтып тұр. Өзіне ыңғайлы», – дейді Мақсат Базарбаев.

Мақпал Жүнісова да Мархабаттың қолынан талай шай ішкен. Әлеуметтік желіде жүктелген бейнероликтен халық әртісі бейхабар. Әйтсе де, Мейрамбектің келіншегінің бұрын-соңды өзге тілде сөйлегенін көрмепті.

«Ойбай, соны көрмеппін. Орысша сөйлей ме? Енді Мейрамбектің орыс тілді жанкүйерлері бар. Барлығы көрсін, түсінсін деген шығар. Жалпы өзі қазақи қыз ғой. Жақсы келін. Кездескен жерде қазақша амандасып, иіліп сәлем беріп жүреді», – деді Мақпал Жүнісова.

Әйтсе де желідегі жұрттың дүрлігуін дөп басқан жұлдыздар да бар.

«Ең атақты, қазақтың бетке ұстар азаматы деген жандардың, классиктердің балалары әкелерінің қазақша жазған дүниесін оқи алмайтын дәрежеге жеткенін көргеннен кейін нағыз ұлты қазақ, рухы қазақ Мейрамбектің, қазақы исі аңқып тұрған әнін баласы тыңдамай қоя ма, деген халықтың алдын-ала үрейі шығар», – дейді әнші Жанат Қарман.

Ал, Мейрамбекпен түйдей құрдас Тамара Асар болса, Мархаббатың орысша сөйлегенін еркелігі мен жастығына балап отыр.

«Өзім Мейрамбекпен жақсы араласамын. Мархабат жас қой. Өзі  тәрбиелі, әдемі келіншек. Сондықтан орысша сөйлегенін естімеппін де, көрмеппін де», – дейді әнші Тамара Асар.

[:en]Талайды қазақы қоңыр үнімен баурай білген Мейрамбектің жарының өзге тілде шүлдірлеуі, көптің көңілін су сепкендей басты.[:]