АЛТЫНОРДА
Блог Гайнижамал Шекей

[:kz]Полиция әнші Жанар Хамитованың өліміне қатысты тергеу жұмыстарын аяқтады[:]

[:kz]

Қарқаралыдағы ата-анасының үйінде көз жұмған әнші Жанар Хамитоваға қатысты «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу»  бойынша қылмыстық іс жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық істің жабылғанын хабарлады.

ҚР ҚК 35 бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық құрам болмағанына байланысты іс тоқтатылды. 

Жанар Хамитова Қарқаралыдағы ата-анасының үйінде өлі денесі табылған еді. Артында екі ұлы қалды.

Полиция  ҚР ҚК «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» ісі бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. Ал әншінің отбасы ешқандай суицид болмағанын, үй жинап жүріп Жанардың жүрегі нашарлағанын жеткізген. 

Осы жылдың сәуір айында ажырасудан көрген қиындықтарыныан кейін  бірнеше рет өзіне-өзі қол жұмсамақ болғанын айтқан еді.

 

 

[:]