АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мектеп ішіндегі дәретхана атыраулық тұрғынның ашуына тиді (фото)[:]

[:kz]

Атырау тұрғыны мектепте орналасқан дәретханаларға шағымданды. Жағдайға қатысты жергілікті билік пікір білдірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 
Фото: mgorod.kz

Фото: mgorod.kz

Балықшы шағын ауданында орналасқан мектептердің бірінде оқитын оқушылардың әкесі балалары баратын дәретханаға шағымданған деп жазады «Мой город».

Ер адамның сөзінше, ол ата-аналар жиналысына барып, білім мекемесіндегі дәретханалардың қандай екенін көрмек болып, әжетханаға кірген. Әкенің көргені оған мүлдем ұнамаған. Айтуынша, бір-біріне қатарлас тұрған унитаздардың ортасы бөлінбеген.

Атырау тұрғынының айтуынша, этика жайлы сөз қозғамағанның өзінде, бұл өте ыңғайсыз.

Ер азаматтың шағымына жергілікті атқарушы билік жауап берген. Қала әкімінің орынбасары Ұлықбек Тінәлиевтың айтуынша, расымен де мұндай жағдайлар бар, дегенмен осы жылы бұл мәселелер шешіледі.

Әкім орынбасары аталмыш мектептің соғылғанына бірнеше жыл болғанын, соған сәйкес ол кезде бөлу қарастырылмағанын атап өтті.

Еске сала кетсек, өткен жылы Тараздағы мектеп дәретханасында 12 жастағы оқушы қыз зорланған еді. Ер адам жедел ұсталған.

Жантүршігерлік жайттан кейін мектеп директоры мен тағы үш қызметкер жұмыстан босатылды.

Сондай-ақ, елді дүрліктірген оқиғадан соң бірнеше полиция қызметкері жазаланып, мектеп инспекторы да қызметінен шеттетілген.

Оған қоса, облыстық білім басқармасының басшысы да өз еркімен қызметінен кетті.

Сондай-ақ президент тапсырмасымен Тараз қаласының әкімі де қызметінен босатылған.

 

[:]