[:kz]
Сәләфиттер билік басына келгенде, аңсаған халифаттарын құрғанда — еліміздің жағдайы қәзір қиын, мүшкіл болар еді..! Елге опасыздық жасаған «қарабеттердің» зындандағы жүздері — елдің алдына шығарылсын!
Қаңтар оқиғасынан кейін жеті ай уақыт өтті! Бейбіт жерімізді қанға бояғандардың темір торға тоғытылып, түрмеде отырған видео-суреттерін халық көруі керек!
Қолдарында «билік» болып, Мемлекетке опасыздық жасап, халықтың ортасына ойран салғандар — түрмеде де тыныш отырмауы керек!
Қаншама кінәсіз адамдар қыршын кетті, ұлтымыздың қауіпсіздігін қорғайды деген «Адамның» өзі төңкерісті ұйымдастырғаны, бұл — үлкен қатер, қасірет!
Елге ылаң салатын адамды арнайы ұшақпен алдырып, халифат құрғысы келгендердің арман-мақсаттарының күлі көкке ұшып, тас-талқан болғанын — бүкіл елге, әсіресе әлі де соларға сеніп отырған «қолдаушы-табынушы» тобырларына ашық көрсету керек!
Сәләфиттер билік басына келгенде, аңсаған халифаттарын құрғанда — еліміздің жағдайы қәзір қиын, мүшкіл болар еді..!
Айдың-күннің аманында Тәуелсіздігімізден айырылып қала жаздадық: «Надан халық — басқаруға жақсы» демекші, халықтың миын «уағыздарымен» улап, қыздарымызды «тұншықтыра» қарамен орап, Ауғанстанның күйін кешер ме едік?!
Оны тіпті ойлаудың, елестетудің өзі — қорқынышты!
Ал қазір халықтың арасында қара ниетті «лаңкестер» мен сатқындардың қамауда отырғанына сенбей, «бұл да бір — саяси ойын» деп іріткі салып отырғандар бар!
Сондықтан, Елге опасыздық жасаған «қарабеттердің» зындандағы жүздері — елдің алдына шығарылсын!
Заңгер Айгүл Орынбектің facebook парақшасынан
[:]