АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]“Мен адамдарды өлтіруге дайын емеспін”: Ресейлік рэпер соғысқа бармас үшін өз-өзіне қол жұмсады[:]

[:kz]

 

Walkie сахналық атымен өнер көрсеткен рэп әртісі Иван Петунин жұма күні Краснодарда өз-өзіне қол жұмсады. Ол соғысқа баруға және адамдарды өлтіруге дайын емес екенін айтқан бейне үндеу қалдырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ол сондай-ақ Ресейдің Украинаға қарулы басып кіруі басталғалы жеті ай бойы «қатты зардап шеккенін» айтты. Уолки пацифистік позицияларды ұстанды және қолына қару алғысы келмеді. Әнші денсаулығына байланысты әскерге шақырудан кейінге қалдырылғанын, бірақ әскери комиссариаттардың кейінге қалдыруды ескеретініне сенбейтінін, жартылай жұмылдыру жақын арада толықтай өтетініне сенетінін айтты.

Иван Петунин 27 жаста еді. Өлерінен жарты күн бұрын ол ғаламторға өзінің «Walk Out Boy 3» атты жаңа альбомын жариялады.

[:]