АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Мен қайтып келемін»: Ақтөбе тұрғындары Сапарбаевпен қимай қоштасты (видео)[:]

[:kz]

Күні кеше министр атанған Бердікбек Сапарбаев бүгін Астанаға аттанды. Оны шығарып салуға келген Ақтөбе тұрғындары бұрынғы әкіммен қимай қоштасты, деп хабарлайды Stan.kz.

Димаш Құдайбергеннің анасы, әнші Света Айтбаева Instgaram желісінде Бердікбек Сапарбаевты ақтөбелік тұрғындардың шығарып салған видеосын жариялады. 2015 жылдан бері облыс әкімі болған Сапарбаев осы жылдар ішінде көптеген істі атқарды. Желіде Ақтөбе облысының тұрғындары да экс-әкімнің жақсылығын айтуда. Бүгін Астанаға жол тартқан министрді шығарып салуға көптеген адам келді.

 

Өз кезегінде Бердібек Сапарбаев та ақтөбелік тұрғындарға алғыс білдірді.

«Сіздерге, көңілдеріңізге, ниеттеріңізге, келгендеріңізге мың да бір рахмет! Бірақ мен қайтып келемін», – деген Сапарбаев көпшілікті күлдірді.

 

Мұнан кейін жиналған көпшілік әндетіп, қол шапалақтап Бердібек Сапарбаевты шығарып салды.

Еске сала кетсек, кеше, 25 ақпанда, Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев қызметінен босатылып, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

.

Источник: Stan.kz

[:]