[:kz]
Ақбота Сейтмағамбет пен Дәурен Айдарқұлов жақын күндері ажырасып кетті. Оның себебін ашық айтпаса да, желіде ішкі толағанысын бөлісіп жүр. Желідегі оқырмандары екі жастың не себепті екі жаққа кеткенін түсінбей дал. Ақбота осы ретте бұл шешімнің негізгі себебін астарлап жеткізді.
Әнші желіде ішкі толғанысын жазып, ойын айтты. Кейбір желі қолданушыларының көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді.
Айта кетейік, 4 жыл бұрын отау құрған екі жас жақын күндері ресми ажырасқандарын мәлімдеді. Алайда себебін түсіндірген жоқ.
Ал, Айдарқұлов бірінші некесінен туған балаларының суретін көптеп жариялап кетті. Желідегі оқырмандар оны бұрынғы әйеліне қосылады деп топшылады.
«Көңілдің қалуы — бұл өте қорқынышты сезім. Ол бір сәтте емес, біраз уақыт бойы жиналады. Сағаттап, апталап, айлап тіпті жылдап жиналуы мүмкін. Ол сенің жаныңа толыса береді. Әрбір ауыр сөзі, әрекеті, саған деген көзқарасын айқындай бастайды. Ашығын айтқанда саған ешқандай көзқарасы жоқ екенін көрсетеді.
Жақын адамыңды ұзақ уақыт ақтауға болады. Олардың проблемасымен өмір сүруге болады. Соңында кешіресің де, өз жөніне жібересің. Ал, көңілің одан әрі қала береді.
Соңында тек бір нәрсе ғана қалады. Соңғы рет кешіру, бақыт тілеу. Бірақ бақытты болуына көмектеспеу», — деді әнші парақшасында.
[:]