АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Мені қамап тастамақшы»: Марғұлан Сейсембай үйінің айналасында «30-40 шақты адам» жүргенін хабарлады[:]

[:kz]

Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай ізіне әлдекімдердің түскені жайлы Facebook парақшасында жазды. Оның жазбасына көзжүгіртсек, ойын желіде ашық айтып, ашық жазатын кәсіпкердің үйінің айналасын «30-40 шақты адам» торуылдап жүрген көрінеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қоғамда болып жатқан оқиғаларға немқұрайлы қарамайтын азамат, сондай-ақ, «ешқандай қылмыс жасамағанын» жеткізді.

«Достар, менің ізіме түскенге ұқсайды.

Соңғы бірнеше күн бойы Алель Агро қызметкерлерінің тыныштығы қашты. Кеше түнде Алель Агро басшылығын тұтқынға алды. Күні бойы банктерден құжаттарын алдыртып, үйлерінде тінту жүргізді.

Мүмкіндігімді пайдаланып, мен ешқандай да қылмыс жасамағанымды айтқым келеді. Бірде-бір бизнесте мен ешнәрсеге қол қойып, болмаса басшылық етпедім. Қазір олар Алель Агроға қатысты субсидиялар алу кезінде алаяқтық пен қаржы жымқыру бойынша қылмыстық іс қозғап отыр. Алель Агро айып тағылатындай инвестициялық субсидиялар алған емес. Менің бұл субсидиялардың үлестірілуі, не алынуына ешқандай қатысым болмаған, қазір де еш қатысым жоқ. Сондықтан, бұл нағыз саяси іс, олар мені қамап тастамақшы немесе ауызымды жаптырғысы келіп отыр.

P.S. Менің үйімнің айналасында 30-40 шақты адам жүр. Шамасы комитетчиктер», — деп жазды ол.

Айтпақшы, Марғұлан Сейсембайдың желіге осы жазбаны жариялағанына бір сағатқа жетер-жетпес уақыт өткеннің өзінде, 1000-нан астам адам лайк басып, 340-қа жуық адам пікір қалдырған.

 

[:]