[:kz]
Мәжілістегі ең жас депутат, Amanat партиясының мүшесі Мәди Ахметов президенттік сайлау алдындағы үгінт-насихат жұмыстарына бұл жолы да қатыспақ ниетте, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
2019 жылғы сайлауда, депутат болмай тұрып, Мәди Ахметов халықты Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдауға шақырып, үгіт жүргізген. Бұл сәттің видеосы бүгінде желіде кеңінен таралып, әсіресе TikTok-та хитке айналған. Тіпті кей желі қолданушылары оның мансабын осы бір видеомен байланыстырған-ды.
Бұл жолғы сайлауда Ахметов үгіт-насихат жұмыстарына қатыса ма? Бұл сауалды журналистер мәжілісменнің өзіне қойып көрді. Мәдидің айтуынша, егер оған бұл жұмысты жүктесе, онда ол міндетті түрде қатыспақ.
«Менің видеом желіде танымал. TikTok-та жақсы қаралым жинаған. Бұл айқай емес, үгіт-насихат жұмыстары. Мұны дұрыс түсіну керек. Үгіт-насихат жұмыстарына қатысам ба, жоқ па – партия шешеді. Егер менің есімім тізімде болса, онда мен дайынмын. Қарсы болмаймын. Бұл менің негізгі жұмыстарымның бірі”, – деді Мәди Ахметов Amanat партиясының кезектен тыс съезінің кулуарында.
Еске салсақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш қою туралы ел алдында ұсыныс жасаған Мәди кейіннен Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мерекелер күні қатарынан алып тастауды қолдап, дауыс берген еді.
[:]