АЛТЫНОРДА
Қоғам

[:kz]»Менің үйімде маған арнап ешқашан дастархан жайылмаған»: Айнұр Тұрсынбаева жоқшылықта өскенін еске алды[:]

[:kz]

 

Айнұр Тұрсынбаева өмірде туған күнін тойламағанын айтады. Айтыскердің сөзінше, бұл әдет бала күннен қалып кеткен. Тұрсынбаева үйінде елге жаятын дастархан болмағанын еске алды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Санаулы сағаттардан соң 45-ке толамын. Мен өмірімде алаулатып, жалаулатып туған күнді тойлатпаған адаммын. Кішкентай кезімдегі ең үлкен қорқынышым ешкім құттықтап келмесе екен дейтінмін. Себебі дастарханымыз бірде бар, бірде жоқ болатын. Тіпті үйде менің туған күніме арнап дастархан жайылмаған да екен. Сол белгісіз жайсыздық әлі бар. Биыл да туған күн тойламаймын», — деп бөлісті Тұрсынбаева.

Айтыскер ақын өзінің туған күнінде желідегі оқырмандарын қайырымды іс жасауға шақырды. Ол «Айдың Нұры» қоры арқылы мұқтаж жандарға баспана алып бергісі келетінін айтты. Ақырында айтыскер 17,5 млн теңге жинап, үш бірдей отбасыға баспана сыйлады.

«10 сағаттық тікелей эфирде бізге қажет болған 17 500 000 теңге толық жиналды. Бұл суммаға үш бірдей отбасы көптен күткен баспанасына қол жеткізді. Аллаға шүкір! Бұл сумма Алланың қалауымен, сіздердің бірліктеріңіз бен жомарт жүректеріңіздің арқасында жиналды, достар! Біз біріксек күшпіз! Біз алмайтын қамал, аспайтын белес жоқ!

Алғашқы баспана Ақтөбелік Әйгерімге бұйырды. Әйгерім 3 баланың анасы, жасы 39-ға жетпей тағдырынан таяқ жеп, жоқшылықтың ащы дәмін татқан. Талма ауруы бар, 3-ші топтағы мүгедек. Екі бөлмелі, барлық жағдайы жасалған баспана құны — 5 млн тг.

Екінші баспананы Шымкенттен алдық. 19 жылдан бері құжатсыз жүрген Нағима есімді ана. Төрт баласының екеуі ауру. Құжаты болмағандықтан мемлекеттен ешқандай көмек ала алмай отырған отбасы. Төрт бөлмелі, 10 сотық жері бар, жаңа баспананың құны — 7 млн тг.

Үшінші баспананың иесі — туа бітті зағип, жалғыз қызы да көзі көрмей туған, 1 топ мүгедегі Назира. Жаңақорғандық жалғызбасты әйелге 5,5 млн теңгенің 3 бөлмелі, ыстық-суық суы ішіндегі үй бұйырды!» — деп бөлісті Тұрсынбаева.
 

 

[:]