АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Мерекесімен құттықтап, ыдыс жуып жатырмын»: Ауырып тұрса да, анасына көмектескен балақай жұртты сүйсіндірді[:]

[:kz]

Белгілі әзілкеш Нұрболхан Шәріпов анасына көмектесіп жүрген баланың бейнежазбасымен бөлісіп, жұртты сүйсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

Нұрболхан Шәріпов әлеуметтік желідегі парақшасында ыдыс жуып жүрген кішкентай баланың видеосын жүктеген. Анасына жәрдемдескен періште жұрттың жүрегін елжіретіп, тәрибелілігімен сүйсіндірді.

«Сәлем бердік! Мен анамның мерекесімен құттықтап, ыдыс жуып жатырмын. Өздерің қалайсыңдар? Ауырып жүрсем де жуып жатырмын. Шаршайда ғой, іші пысады ғой күні бойы деп жуып жатырмын» — дейді бала.

Анасына жанашырлық танытқан балаға әзілкештің де жүрегі елжіреп кеткен. Өзінің ақжарма тілегін жазып, таңғалысты Нұрболхан Шәріпов.

«Жарылдым мына балаға. Өзi ауырып жүр. Сөйте тұра мамасына көмектесiп жүр. Көз тимесiн!» — деп жазды Нұрболхан Шәріпов. 

[:]