[:kz]
Ангела Меркель Берлинге екі күнге келген Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Желіде салтанатты рәсім кезінде түсірілген видео пайда болды. Кадрлардан Германия канцлері екі елдің әнұранын да отырып тыңдағаны байқалады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Мұның бәрін бұған дейін Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жариялаған кадрлардан көруге болады.
Жоғарыға Қазақстан, Германия және ЕО жалаулары көтеріліп, Бундесвер негізгі оркестрі екі елдің әнұрандарын орындады.
Видеодан Ангела Меркельдің орнынан тұрмай, орындықта отыра бергені көрінеді. Ол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның әнұраны ойналғанда, орнынан тұрып, қолын жүрегіне қойылған болатын.
Кейбір қолданушылар канцлердің бұл әрекетін денсаулық жағдайымен байланыстырады, бірақ Бундестагта бәрі оның жағдайының қалыпты екенін алға тартады.
Айта кетерлігі, соңғы уақытта Ангела Меркель бірнеше рет қатты қалтырау ұстамаларымен көзге түскен.
Дәл осылай, осы жылдың жазында ол Берлинде Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу кезінде өзін жайсыз сезінді, содан кейін тап осындай жағдай Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің қабылдауында орын алды, сонымен қатар Меркель Финляндия премьер-министрі Антти Риннмен кездесуде де өзін мазасыз сезінді.
Осыған байланысты, Берлинде Данияның премьер-министрі Метте Фредериксенмен болған ресми кездесуде әнұран ойналғанда отырып тыңдады. Қытайда да канцлердің аяққа тұруға шамасы болмаған.
[:]