[:kz]
Мұсылмандарды біріктіретін үкіметтік емес халықаралық имамдар кеңесі ислам дінін ұстанатындарға 2022 жылы Пекинде өтетін қысқы Олимпиадаға баруға тыйым салды. Тыйым Қытайда тұратын мұсылман ұйғырларға жасалған қысыммен байланысты делінген ұйымның ресми сайтында, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сайтта Олимпиадаға қатысу және бару «этникалық ұйғырларға жасалған геноцидке жауапты деспоттық режимді жақтау» болып саналатындығын жазған.
Бұған дейін АҚШ, Аустралия, Канада және Ұлыбритания да Олимпиада ойындарына бойкот жариялауға шақырған. Олар Қытайға өз дипломаттарын жіберуден бас тартқан еді.
Қытайдың Синьцзян аймағында миллионнан аса ұйғыр тұрады. Еуропалық және америкалық БАҚ-та үкіметтің бұл ұлтты мемлекеттік лагерьлерде ұстап, жұмыс істеуге мәжбүрлейтінін айтып келеді. Олардың пікірінше, мұнда тұратын мұсылмандарға өз балаларына дәстүрлі ат қоюға тыйым салып, шошқа етін жеуге және ішімдік ішуге мәжбүрлеген. Бұдан бөлек әлеуметтік желіде қытай ұлтының азаматтарын ұйғыр отбасына көшіргені жайлы және өз еркімен лагерьге келген ұйғыр әйелдерін марапаттайтыны туралы ақпарат тараған еді.
Олимпиада ойындары 4 және 20 ақпан аралығында өтеді.
[:]