АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мың литр арақты Ресейден елімізге заңсыз өткізбек болған азамат ұсталды[:]

[:kz]

imagesОтандасымыз «Қазақстан-Ресей» мемлекеттік шекарасы арқылы ірі көлемде спирттік ішімдіктерді заңсыз өткізуге тырысты, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Шекара қызметінің «Жағалау күзеті» Өңірлік басқармасына қарасты «Құрманғазы — авто» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды Ресейден біздің елімізге «Газель» көлігімен келе жатқан 41 жастағы азаматшаны ұстауға мәжбүр болды. 

Шекаралық бақылау кезінде автөліктен ілестірме құжаттары және акциздік маркасы жоқ, әрқайсысы 0,5 литрден болатын 2000 дана шөлмек табылды.

Аталған дерек бойынша Атырау облысындағы құқыққорғау органдары хабарландырылды. 

Источник caravan.kz

[:]