АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]»Нағыз талант»: Тойда нәрестенің дауысын салған ер адам қонақтарды таңғалдырды (видео) [:]

[:kz]

Әлеуметтік желіде той қонақтарының алдында нәрестенің дауысын салған ер адамның видеосы тарады. Видео аз уақыттың ішінде 220 мыңнан астам қаралым жинаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі shyndykz тобында жарияланды.

Кадрдан ер адамның тойда нәрестенің дауысын салып жатқанын байқауға болады. Оның өнері қонақтардың көңілінен шықса керек, барлығы қол шапалақтап құрмет көрсете бастаған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қатты тисе де, ащы шындық… (@shyndykz)

Видео бір тәулікке жуық уақытта 220 мыңнан астам қаралым және 6 мың «лайк» жинаған. Одан бөлек көптеген желі қолданушысы ер адамның өнеріне тәнті болғанын жазып, пікір қалдырған. «Күшті болды», «Жарайсыз аға. Өнеріңіз өрлей берсін», «Сәбидің жылағанын айнытпай салдыңыз. Көңілім көтеріліп қалды. Рақмет сізге», «Керемет екен. Ағамызды бағдарламаға шақыру керек екен», «Нағыз талант иесі», «Ағаның өнеріне басымды идім», — дейді олар. Пікір білдіргендердің арасында ер адамға нәрестенің дауысын салған жараспайтынын айтып, сынағандар да табылды.

kaz.nur.kz

 

[:]