[:kz]
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова тойда наймандар туралы әзіл айтқан асабаның видеосына қатысты өзінің наразылығын білдірді. Ол қазақтың әр руына сыйластық танытуға шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Әнші ашуына тиген отандық асабаның тойдағы видеосын өзінің желідегі парақшасына жүктеп, оның айтқан әзіліне өзінің ренішін білдірді. Видеода той басқарып тұрған асада өзінің анасы да, жары да найман екенін айтып, әзілдеген. Оның айтқан сөздерін естіген жұрт мәз болып, күлкіге басқан.
Асабаның бұл әзілі Майра Ілиясованың намысына тиген. «Мен Найманның қызымын! Орта жүзден шыққан ұлы Найман атамыз бүкіл қазаққа аты шыққан. Елдің бірлігін, амандығын ойлаған. Алланың бұйрығымен артынан мыңдаған ұрпақ өрбіткен қасиетті ұлы тұлға! Сіздердің де қасиетті аталарыңыз (Ұлы жүз, Кіші жүзге жататын бабалары сияқты) қазақтың ұланғайыр даласын жаудан қорғап, мына біз сияқты ұрпақтарының бақытты өмір сүруін армандаған, біздің ұлы бабаларымыз!», — деп жазды ол. Ол асабаның бұл қылығын ұнатпай, оның әзілін «ерсі» деп атады. «Әйел басыммен намыстаным отырмын! Найман атамның аруағын қорламаңыздар дегім келеді! Ойланайық, ағайын», — деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
[:]