АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Наконец-то?»: Бекшин «асыға күткен» коронавирусты Біртанов «қабылдамады»[:]

[:kz]

Еліміздің бас санитарының орыс тілінде айтқан мәлімдемесін сөзбе-сөз келтірсек, ол: «По нашему прогнозу, где-то с 11 по 16 (марта) у нас должен наконец-то появиться коронавирус в стране», — деген еді.

Бас санитар Жандарбек Бекшиннің «коронавирус Қазақстанға да жетуі мүмкін» деген сөзіне Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов facebook парақшасы арқылы түсініктеме берді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еліміздің бас санитарының орыс тілінде айтқан мәлімдемесін сөзбе-сөз келтірсек, ол: «По нашему прогнозу, где-то с 11 по 16 (марта) у нас должен наконец-то появиться коронавирус в стране», — деген еді.

«Айтылған сөз – атылған оқ» дегендей, Бекшиннің сол бір ауыз сөзін белгілі блогерлер іліп әкетіп, желілерде мазаққа айналдырып отыр. Соның бірі – экс-депутат Тәңірберген Бердіоңғаров видеоны Instagram парақшасына жүктеп, оған «Наконец-то?» деген тақырып қойған.

Шынымен-ақ, ол сөздің әлемді індеткен індетті Қазақстан да асыға күтіп отырғандай әсер қалдыратыны сөзсіз. Алайда, Денсаулық сақтау министрі әріптесінің айтқанын дереу «жуып-шайды».

«Құрметті достар! Коронавирус әлемді жайлап барады, инфекция 115 елге тарады. Олардың қатарында жақын көршілеріміз, сондай-ақ, елімізбен тікелей әуе қатынасы қалыптасқан мемлекеттер де бар. Біз де әлемнің бір бөлігіміз. Сондықтан оқшауланып, бөлектене алмаймыз. Мұны бәріңіз жақсы түсінесіздер.

Инфекция Қазақстанға да жетуі мүмкін, оны жоққа шығармаймыз. Алайда, Қазақстан Үкіметі елімізде коронавирустық инфекцияның тасымалдануы мен таралуына жол бермеу үшін бұрын-соңды болмаған ауқымды шаралар қабылдауда. Бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқас тіркелген жоқ!

Ал ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж. Бекшин ғалымдардың статистикалық модельдеу әдісімен жасаған болжамына сүйеніп, коронавирустық инфекция елімізге де жетуі мүмкін екенін айтқан еді.
Ғалымдар зерттеу барысында сырттан келген жолаушылар легі мен коронавирус тараған мемлекеттердегі деректерді пайдаланған.

Эпидемиологиялық жағдай түрлі сыртқы факторларға байланысты өзгеретінін ескерген жөн. Мәселен, беделді Ланцет журналында коронавирустың Қытайдан әлемге тарайтыны туралы осыған ұқсас болжамы жасалды. Бірақ, отандық ғалымдардың болжамы іс жүзінде болмауы да мүмкін.

Тағы да қайталаймын, қазір Қазақстанда коронавирустық инфекция анықталған жоқ», — деп шегелеп айтты министр өз сөзін.

 

[:]