АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Нанды басып, сарқыт жинаған: атышулы видео қайда түсірілгені анықталды [:]

[:kz]

Видеода жігіттердің бірі дастарқанға шығып алғаны, тіпті нанды басып кеткені көрінеді

Әлеуметтік желіде дастарқанды басып, сарқыт жинаған жігіттердің әрекеті жұрттың ашуына тиген болатын. Sputnik Қырғызстан агенттігінің мәліметінше, видео Қырғызстандағы отырыстардың бірінде түсірілген.

 Ролик Facebook желісінде жылдам таралып жатыр. Видеодан екі жігіт сарқыт жинау үшін нан мен бауырсақ тұрған дастарқанға аяқпен шығып кеткенін көруге болады. Осылайша олар үстелдің қарсы бетіндегі тәттілерді де пакетке салып алған. Бұл кезде қалған қонақтар шек-сілесі қатып күліп жатса, әйел адам пакет таратып жүреді.

Нанды басқан кімдер? 

Әлеуметтік желідегілер бұл қыз ұзату кезінде қалыңдықтың үйінде болған оқиға деп жазып жатыр, айтуларынша, «аш»жігіттер күйеудің достары болса керек.

Желі қолданушылары жігіттердің бұл әрекетін айыптап, ұнамсыз пікір қалдырып жатыр.

sputniknews.kz

[:]