[:kz]
АҚШ президенті Джо Байден Алексей Навальный түрмеде өлсе, Ресейдің басқа елдермен де қарым-қатынасы бұзылатынын мәлімдеді, — деп хабарлайды РИА Новости.
Америка басшысының сөзінше, ресейлік оппозиционер өлетін болса бұл Ресейде адам құқығы сақталмайтынының тағы бір дәлелі болады.
«Бұл трагедия болады», — деді Байден Брюсселде өткен баспасөз конференциясында.
АҚШ президентінің сөзінше, «бұл басқа елдермен қарым-қатынасқа да кері әсерін тигізеді».
«Менімен де», — деді Байден.
Айта кетейік, бүгінде Навальный колонияда. Ол үйқамақта жатқан бір жылын ескергенде жалпы режимдегі колонияда 2,8 жыл болады.
[:]