АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасы өкілеттігін Тоқаевқа беретін болды[:]

[:kz]

 

Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасы өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы Төрағасының өкілеттігін беру туралы шешім қабылдап, партияны Ел Президенті басқаруы тиіс екенін атап өтті. Өкілеттіктерді беру рәсімі партияның жарғысына сәйкес жүзеге асырылады», — деп жазды Айдос Үкібай.

[:]