[:kz]
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияға түзетулер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумда дауыс берді. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Нұрсұлтан Назарбаев жалпыхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша дауыс берді», — деп жазды баспасөз хатшысы Twitter-де.
[:]