АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Назарбаев саябағында тылсым оқиға болды[:]

[:kz]

 

Алматыдағы Назарбаев саябағында тылсым оқиға болған. Жергілікті тұрғындардың бірі күздің жайма шуақ күнінде саябақ ортасындағы кейбір ағаштардың мұз болып қатып тұрғанын көрген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желілерде тарап жатқан видеода бұл аномальды оқиғаның бірінші қазан күні түсірілгені айтылады.

«1- Қазан күні Алматыда Назарбаев саябағында аномалды жағдай болды. Жаңбыр жауып, аяз болмаса да саябақтың ортасында ағаштар мұз болып қатып қалған. Ғажайып жағдайға тап болғандар мұндай беймәлім көріністің аумағы шамамен 15 метр деп отыр. Видео вацаптан келді», деп жазған журналист Бердібек Хабай өзінің facebook парақшасында. 
 

[:]