АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Назарбаев Зияткерлік мектептері ЮНИСЕФ-пен бірлестікте әзірлеген балалардың игілігі жолындағы бірегей жобаны аяқтады[:]

[:kz]

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында балаларға игілікті және достас орта құруға арналған ЮНИСЕФ-пен бірлестіктегі жоба өз мәресіне жетті. Мектептердегі зорлық-зомблықтың алдын-алу бойынша стандартты операциялық шараларды әзірлеу аяқталды. Бұл еліміздегі балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық формаларына жедел ден қою мен алдын-алудың бірыңғай саясатын реттеуші құжат. Жоба Назарбаев Зияткерлік мектептерінің халықаралық аккредиттеуге сәйкес келетін нормативті-құқықтық құжаттарды әзірлеудегі тәжірибесі негізінде жүзеге асырылды.
Стандартты операциялық шаралар жұмыс тобының қорытынды үйлестіру жиынында таныстырылды.
– Алғашқы кездесуде Қазақстан Республикасындағы БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының өкілі Артур ван Дизен мен Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі өкіл Аружан Саин жаңа құжатты әзірлеудегі басты қағидаттарды қолдаған болатын. Жобалау тобы балаларға қауіпсіз және игілікті орта құруда екінші кезектегі сұрақтар жоқ екендігіне сенім білдірді, – дейді «Назарабаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымының орынбасары Ольга Можаева.

– Жаңа құжатты әзірлеудегі басым бағыттар балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа бірден ден қою емес, оның алдын алу, – дейді Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ЮНИСЕФ-пен бірлестікте әзірленетін барлық жобаларының үйлестірушісі, оқушылардың игілігін қамтамасыз ету департаментінің директоры Динара Уалкенова.

Стандартты шараларды педагогтердің, психологтардың, ата-аналардың, білім, денсаулық сақтау және ішкі істер министрлігі өкілдерінің, барлық қызығушылық танытқан құрылымдардың әрекетіне жетекшілік деп тануға болады.
– Балаларға қатыгездік танытудың жіктемесі құрылып, себептері мен факторлары, белгілері санамаланды, әлеуетті қауіп-қатерлері талданып, жекелеген және топтық диагностикалау құралдары ұсынылды, жауаптылық тәсілдері мен бақылау индикаторлары сараланды, оңалту алгоритмдері айтылды, – деп жобаның ұлттық сарапшысы, оқушылардың игілігін қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары Күләш Салимбаева пікір білдірді.
Жұмыс тобы балаларға қатысты зорлық-зомблыққа ден қою мен алдын-алу бойынша стандартты операциялық шараларды елордадағы №24 мектептің базасында тексеруден өткізді. Тестілеудің дизайнын, әдістемесі мен нәтижелерін жобаның бағдарламалық сарапшысы Жанат Алтаев пен білім сапасын бағалау және халықаралық аккредитация департаментінің аға менеджері Данара Абильденова таныстырды:
– Жобалау тобымен 150-ден аса адамға, оның ішінде мұғалімдер мен мектеп әкімшілігіне, ата-аналардың көп бөлігіне оқыту жүргізілді. Бақылау мәліметтері зорлық-зомбылықтың белгілерінен хабардар болу, жауапкершілікті ұғыну мен әлеуетті ден қою секілді басым көрсеткіштерде индикаторлардың өзгеріске ұшырағанын растады.
Құжат авторлары қашықтан режимі аяқталған соң тексеруден өткізу ауқымын кеңейтуді және Стандартты шаралардың жыл сайынғы аудитін өткізуді ұсынды.

Жиынға қатысушылар, сондай-ақ, республиканың жалпы білім беретін мектептеріне білім сапасын бағалау және халықаралық аккредитация департаменті директорының орынбасары Индира Исмаилова ұсынған жаңа саясатты енгізу стратегиясын талқылады.
Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ өкілі Татьяна Адерихина елде балаларға игілікті және достас орта құрудағы NIS жобалау тобының айрықша қызығушылығы мен кәсібилігін жоғары бағалады.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа жедел ден қою мен алдын-алудың стандартты операциялық шараларын реттеуші жаңа құжат Назарбаев Зияткерлік мектептерінің авторлық ұжымымен ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы кеңсесіне жолданады.

[:]