АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Nur Otan әпшу кесетін болған ба?»: партия белсенділері арабтармен бірігіп «сүндет жәрмеңкесін» бастады[:]

[:kz]

WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы кеңінен таралған хабарламада партия мен Елшіліктің шынымен де бүгін осы бастаманы жүзеге асыра бастағаны көрсетілген.

Бүгін желі белсендісі Алма Төлебаева Nur Otan партиясы елордалық филиалының БАӘ Елшілігімен бірлесіп, бала сүндеттеуді ұйымдастырып жатқанын жариялады. Оны дереу өз парақшасында Асан Әзімханұлы есімді азамат: «Нұр Отан әпшу кесетін болған ба?» деген мысқылмен жариялай қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы кеңінен таралған хабарламада партия мен Елшіліктің шынымен де бүгін осы бастаманы жүзеге асыра бастағаны көрсетілген.

«Nur Otan партиясының астанадағы филиалы Біріккен Араб Әмірлігінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігімен бірлесе отырып, 2019 жылдың 11-12 қазанында сағат 10.00-де «Сүндет-2019» қайырымдылық жәрмеңкесін өткізеді. Сонымен қатар, бұл шараға «Ummet» қайырымдылық қоры да көмек қолын созуда.

Бұл рәсім төменде көрсетілген нөмірге хабарласқан ата-аналардың балаларына жасалатын болады. Қызмет көрсету – тегін. Шараға №2 балалар ауруханасының білікті, көп жылдық тәжірибесі бар хирургі шақыртылған. Шара барысында балаларға сыйлықтар да үлестіріледі» деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, хабарламаның төменгі жағында елордадағы «әпшу кесетін» мекенжай мен оның байланыс телефондары атап көрсетілген.

Skifnews.kz 

[:]