АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Nur Otan» партиясы атынан сайлауға түсіп жатқан А. Аққайнанов, С. Қуанышев, Е. Нұров, С. Темірғалиевтер ауылшаруашылығы өкілдерімен кездесті[:]

[:kz]

«Nur Otan» партиясы атынан сайлауға түсіп жатқан А. Аққайнанов, С. Қуанышев, Е. Нұров, С. Темірғалиевтер ауылшаруашылығы өкілдерімен кездесті.

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылының «Арман» мәдениет үйінде өткен кездесуді ашқан «Nur Otan» партиясы сайлауалды штабы төрағасының орынбасары Альберт Аққайнанов, партияның сайлауалды бағдарламасына қысқаша тоқталып өтсе, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Есенбай Нұров ауылшаруашылығын көтеру үшін Ойыл өзені тасу керектігін, осы бағытта жасалып жатқан жұмыстарды баяндады. Сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Сайын Қуанышев болса Ойыл және Сағыз өзенінің қазіргі хал-ахуалын облыстық деңгейде көтеріп, тиісті орындарға жеткізетінін айтты.

Ауылшаруашылығы саласы өкілдері өзекті мәселелерді дер кезінде көтерген үміткерлерге алғыс айтып, кездесу өз мәресіне жетті.

[:]