АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Нұр Отан» партиясы елден кетпек болған ақынның көңілін тапты[:]

[:kz]

Өткенде ғана ел Парламентіне қарата бірқатар сын айтып, «вакцинаға міндеттеуді қоймаса, елдің Азаматтығынан  бас тартамын!» деп жұртты біраз шулатқан Балғынбек Имашев Елбасының алғыс хатын алыпты. Мұндай қуанышты жаңалығын ақынның өзі Instagram  парақшасында бөлісті,  — деп, хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айтыскер ақынның жазуынша, Елбасының Алғыс хатты «Біз біргеміз» жалпыұлттық акциясына қосқан үлесі үшін берілген екен.

Алғыс хаттың әсері ме екен, кім білсін, Балғынбектің иі біршама жұмсарып қалған тәрізді. Өткендегідей емес ашуы тарқап, билікке деген көзқарасы да біраз өзгерген сыңайлы. «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке біраз мақтау айтып тастапты. 

Айтуынша, Б.Байбектің қазақ өнерінің маңызды бөлшегі саналатын айтыс саласына қосқан үлесі зор. Әрі оның «Нұр Отан» партиясына келгелі дәстүрлі өнерге деген құрмет молая түскен. «Өтпелі кезең, өліара шақта Партия басшылығына Баукеңнің екінші мәрте келуін мен үлкен жауапкершілік, ауыр жүк, көзсіз ерлікке балаймын.

Көшкен керуенге үрген иттің әсер етпесін білмесе, елдің ертеңін емес өз абыройын ойласа ерікті түрде бұл қызметке белсенбес еді.

Бәйбек мырза келгелі «Нұр-Отан» Айтыс, Көкпар, Бәйге, Аударыспақ, Отбасы, Дәстүрлі өнер сияқты ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға күш салып, қолдап келеді. Негізі, айтыс ақындары халық пен биліктің арасын жалғаушы алтын көпірдің рөлін атқаратын. Билікке де жау емес, халықпен де етене.

Осыны жас та болса ерте түсінген Бауыржан Қыдырғалиұлы ең алғаш «Нұр Отанға» басшы боп келгенде бірден айтысқа бұрылды. Айтыс эфирде көрінбей кеткенімен араға жылдар салып, Бас партияның қолдауымен «Кіл жүйрікте кім жүйрік?», «Мәңгілік ел – мұратым» деген атпен дүркіреген аламандар өтті. Саясатта жас сері болса да, Алматының Бас мэрі болса да Баукең айтыстын шын жанашыры, хас жанкүйері, — деп өз ризашылығын білдіріп өткен. 

Естеріңізде болса, осыдан біраз бұрын Балғынбек міндетті екпеге қатысты әлемжелі бетінде ешкім күтпеген мәлімдеме жасап, «Елден кетем!» деген болатын. 

Біздің Парламенттің сыйқы осы енді. Бір депутат қарсы, екеуі қалыс, қалғаны үнемі қолдайды!
Енді құрамы белгісіз, сапасы белгісіз, шетелден келетін екпелердің жартысы ерікті, жартысы мәжбүрлі түрде міндетті болады!

Әншейін ғана гриптің бір түріне ковид19 деп айдар тағып, әлемді дүрліктіріп Пандемия жариялаудың мақсаты да осы болатын.

* Әлемді үрейлендіру!
* Әлемді кедейлендіру!
* Әлемді басқару!
* Әлемді вакцинациялау!
* Әлемді құл қылу!

Жоқ, маскалы мырзалар!!!
* Біз сіздерден емес, құдайдан қорқамыз!
* Бізге Ризықты Алла береді! 

Менің балаларым — менің байлығым, екпені маған ешкім мәжбүрлей алмайды!
Егер алдағы уақытта менің Конституциялық құқығым тапталатын болса, мен Ата Заңына қарсы, халқының талабы мен тілегіне қарсы заңдар шығаратын Парламенті бар елдің Азаматтығынан бас тартамын!», — деп жазған болатын 

[:]