АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Нұр-Сұлтан — адамдарға әділетсіз қала»: Белгілі ресейлік блогер елорданы сынап тастады[:]

[:kz]

Белгілі ресейлік урбанист-блогер Илья Варламов Нұр-Сұлтан қаласындағы адамдарға жасалған жағдайды сынға алды. Бұл туралы ол Рахым Ошақбаевтың «Talap» жобасына берген сұхбатында айтты,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, қазіргі заманғы қалалар әділ болуы керек – адам өзінің физикалық жағдайына, жасына, байлығына қарамастан қалада өзін жайлы сезінуі қажет. 

 

«Егер сізде, мысалы, көлікке ақша жоқ болса және сіз қоғамдық көлікте жүрсеңіз, онда сізге автокөлік жүргізушісі сияқты жайлы болуы мүмкін. Кейде одан да ыңғайлы. Ал Астана туралы осылай айтуға бола ма? Жоқ, оны айту мүмкін емес, өйткені сенде көлікке ақша болмаса, өзіңді кем сезінесің. Бұл қала әділетсіз, ол ақшасы бар байлар мен жастарға арналған. Ол жақсы емес», — деді Варламов.

Бұдан өзге, блогер қаланың аумағы туралы сөз қозғады. Нұр-Сұлтанның өзгере беретін жоспарына байланысты жаяу жүргіншілерге үлкен қашықтықты еңсеруге тура келеді. Илья бұл тәжірибенің кеңестік қала құрылысы мектебінің мұрасы екенін атап өтті.

«Мәселе мынада, оны жақында салды. Егер осының барлығына 50 жыл болса «бұрын түсінбеген едік, қателестік, ал қазір біз ақылдымыз» деп айтар едік», -деді спикер.

Блогер адамдарды жақсы өмір сүріп жатқанына сендіріп тастағанын айтады. Ал жағдайды өзгерту үшін қоғамның сұранысы қажет.

«Шешім қабылдаушылар өз шешімдерінің нәтижелерін көрмейді. Аспаз өз тағамдарын дәмін татпай, кдәмгі мейрамханаға барып, тамақтанатын елестетіп көріңізші. Бізде де осы болып жатыр: міне, ол шешім қабылдады, содан кейін Парижге, Лондонға, Майамиге ұшып, сол жерде демалады. Егер әкімдіктен келген адамдар осы автобустарға мініп, жолды жүріп өтсе, дұрыс өткел мен автобустар болар еді», — деді жоба қонағы.

[:]