АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Нұр-Сұлтанда алабай зейнеткерге шабуыл жасады: Иттің иесін іздеп жатыр[:]

[:kz]

Нұр-Сұлтанда полиция 71 жастағы әйел мен оның күшігіне шабуыл жасаған иттің иесін іздестіруде,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Иттің шабуылдаған сәті түсірілген видео бұған дейін әлеуметтік желіде жарияланған.

Полиция қызметкерлері алабайдың орналасқан жерін бейнебақылау камераларының көмегімен анықтай алды.

 

«Қазіргі уақытта алабай аса қауіпті ауру — құтыруды болдырмау үшін ветеринариялық бақылауға алынды», — делінген хабарламада.

Зардап шеккен әйел медициналық мекемеде профилактикалық егу курсынан өтеді, оның күшігі ветеринарлық клиникада емделеді.

Қазіргі уақытта полиция департаментінің қызметкерлері алабайдың иесін іздеп жатыр.

[:]