АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Нұр-Сұлтанда өрттен көз жұмған бес қыздың ата-анасы алғаш рет ашық сұхбат берді[:]

[:kz]

Нұр-Сұлтанда төртінші ақпанда времянкада болған өрттен қайтыс болған бес қыздың ата-анасы қаралы оқиғадан жарты жыл өткен соң, ашық сұхбат берді. Видео қоғам қайраткері Тәңірберген Бердоңғаровтың YouTube-каналында пайда болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
 

Фото: видеодан алынған кадр

Фото: видеодан алынған кадр

Өрт времянкада түнде тұтанған. Бұл уақытта бес қыздың ата-анасы жұмыста болған.

Қайтыс болған қыздардың анасы Жанымгүл сол қорқынышты күнді есіне алды.

Әйелдің сөзінше, түтінді байқаған үлкен қызы оған хабарласып, «Біз өртеніп жатырмыз!» деген. Сөйтіп, телефонды дереу қойып қойған.

«Мен ештеңе түсінбедім, бәріне хабарласа бастадым. Біраз уақыттан кейін маған туысқан сіңілім хабарласып, олардың өртеніп жатқанын, тіпті айқайламайтынын айтты. Мен жұмыстан үйге келемін дегенше, бәрі де кеш болды. Үйден тек түтін ғана көрінгенін, терезені сындырғанда өрт басталғанын айтты. Егер, бірден өрт болғанда, көршілер байқайтын еді», — деді көз жасын ұстай алмаған әйел адам.

Оқиға орны: видеодан алынған кадр

Оқиға орны: видеодан алынған кадр

 

Қайтыс болғандардың ата-анасы үйде балалардың жалғыз сирек қалатынын айтқан. Бұл түні балалармен әкесі отыруы керек болған, алайда оны аяқ астынан жұмысқа шақырып алыпты.

«Мен таңғы жетіге дейін ненің не екенін түсінбедім. Маған балалар тірі, ауруханада деп айтты. Тек таңертең ғана күйеуім маған хабарласып, балаларымыздың енді жоқ екенін айтты. Мені көлікте ұстады. Оларды қалай алып кеткенін көрген жоқпын. Оларды қазір көріп қаламын деп ойлап отырдым.

Туысқандарымыз бізді таңертеңгісін бірден үйлеріне алып кетті. Өртенген времянкаға екінші күні бардық, ол кезде балаларды мәйітханадан алып кеткен. Мүмкін, осы себепті де, олар әлі біздің қасымызда жүргендей сезінетін шығармыз», — дейді қыздардың анасы.

Жанымгүлдің айтуынша, үлкен қызы анасына көмекші, шаруаға пысық болған. Өзінің кішкентай сіңлілеріне қарап, олардың сабақтарына көмектескен. Ол аспаз болуды армандаған, барлық тағам түрін пісіре алатын болған екен.

Әйелдің айтуынша, әр қызы ерекше болыпты. Апалы-сіңлілер әрдайым бір-біріне арқа сүйеп, қамқор болған.

«Олар өмірді көрмеді де ғой», — деп жылады қыздардың анасы.

Көпбалалы отбасы болғанына қарамастан, олар ешкімнен ештеңе сұрамай, өз өздерін қамтамасыз етуге тырысқан.

Оқиға орны: видеодан алынған кадр

Оқиға орны: видеодан алынған кадр

Қайтыс болған қыздардың ата-анасының сөзінше, қаралы оқиғадан жарты жыл өткен соң олардың тек тұрмыстық жағдайы өзгерген. Халықтан жиналған ақшаға екі бөлмелі үй сатып алынған.

Жанымгүлдің айтуынша, күйеуі екеуіне айтылған «балаларға қарау керек еді, үйде отыру керек еді» сияқты әлеуметтік желідегі пікірлер көңіліне қатты тигенін айтты.

«Адамдар, олай айтуға болмайды. Қыздарымды жерлеген соң бір ай өтпей жатып, мені де жерледі. Біресе аяғым ауыр болып, көліктің астына түскем көрінеді, біресе жындыханаға жатқам көрінеді? Мұндай қатыгездіктің керегі не? Біз де адамбыз ғой, біздің жан дүниемізде не болып жатқанын жақсы білесіздер», — дейді қыздардың анасы.

Сондай ақ, біреудің қайғысын жамылып, ақша тапқысы келген алаяқтар да пайда болған.

Желі қолданушлыраның басым бөлігі отбасымен бірге қайғырып, қолдарынан келгенше көмек берген.

Болашақта ерлі-зайыптылар тағы да балалы болуды, тіпті, балалар үйінен асырап алуды жоспарлап отыр.

 
  

[:]