[:kz]
Нұр-Сұлтандағы балабақшалардың бірінен екі тәрбиеленуші қашып кеткен. Қала тұрғындары көшеден 3-4 жастағы екі ұл баланы тауып, балабақшаға қайтарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі NewTimes.kz басылымына сілтеме жасап.
Инстаграмдағы astana_brothers тобында бірдей киінген екі кішкентай баланың балабақшаға кіре берісте тұрған видеосын жариялады. Бейнежазбаны түсірген ер адамдар балаларға назар аудармаған мұғалімдерге шағымданып, балалардың бақшаға қайта оралуына көмектескен.
«Балалар көшеде. Қандай жауапсыздық? Тәрбиешілер қайда? Температура нөлден төмен, ал балалар сыртта жүр. Олар қызметкерлерге арналған есіктен далаға шықты. Олар тоңып қалған», – дейді ер адам.
View this post on Instagram
Нұр-Сұлтан қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі Қалдаяқова көшесі 15 мекенжайында орналасқан жеке мектепке дейінгі ұйым коммерциялық негізде, яғни мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын берместен жұмыс істейтінін хабарлады.
Балабақшаның өзі оқиға дүйсенбі, 4 қазанда болғанын хабарлады.
«Бұл факті бойынша білім басқармасына ескерту жасалды. Жағдай реттеледі. Балалар зардап шеккен жоқ. Директор барлық мән-жай анықталғаннан кейін түсініктеме бере алады», – деп түсіндірді мектепке дейінгі мекеменің қызметкерлері.
[:]