АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Нұр-Сұлтандағы Mega Silk Way сауда орталығында түрік азаматы өзін пышақпен жаралады (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Картинки по запросу "Нұр-Сұлтандағы Mega Silk Way сауда орталығында түрік азаматы өзін пышақпен жаралады (ВИДЕО)"

Ол білегінің бірнеше жерінен пышақпен кескілеген. Жанындағы адамдар жабылып жатып, қолындағы пышағын тартып алды.

Елордадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде қолына пышақ ұстаған ер адам жұрттың зәре-құтын қашырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде ер адамның пышақпен өзін жаралағаны бейнеленген видео тарады. Кейін анықталғандай, 12 ақпанда 18:28-де 102 қызметіне Mega Silk Way сауда орталығында 1985 жылы туған Түркия азаматының мас күйінде өзін жаралағаны туралы хабар келіп түскен.

Ол білегінің бірнеше жерінен пышақпен кескілеген. Жанындағы адамдар жабылып жатып, қолындағы пышағын тартып алды. Сөйтіп, басқа келушілерге қауіп төнбеді.

Тәртіп бұзған азаматқа медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда ол ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылды. Одан бөлек, шетелдікті елден шығару мәселесі қаралып жатыр.

[:]