АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Нұрәлі Әлиев бауыры Айсұлтанның ескі суреттерін жариялады (ФОТО, ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

 

Кадрдан Айсұлтанның 2010 жылы Сандхерст қаласында британияның корольдік әскери академиясында оқып жүрген кезін байқау қиын емес.

Дариға Назарбаеваның үлкен ұлы Нұрәлі Әлиев әлеуметтік желідегі парақшасында өмірден өткен інісі Айсұлтанның ел көрмеген кезекті суреттерін жария етті деп хабарлайды kaz.nur.kz.

Нұрәлі Әлиев Айсұлтан Назарбаевтың суреттерін Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жария етті.

Кадрдан Айсұлтанның 2010 жылы Сандхерст қаласында британияның корольдік әскери академиясында оқып жүрген кезін байқау қиын емес. Нұрәлі белгілеген хэштэг те соны аңғартып тұр. Суреттерден Дариға Назарбаеваның ұлының әскери формада тұрғанынын аңғаруға болады.

Оның артынша Нұрәлі Әлиев бауырының балалық шағынан сыр шертетін суреттерін жариялап, «Жаның жанната болсын, інім» деген жазба қалдырды.

Бұны көрген желі оқырмандарының басым бөлігі көздеріне жас алғандарын айтып, қайғыға ортақ екендерін білдірген. «Иманды болсын», «Нұрәлі бекем бол», «Қазаға ортақпыз», «Алла панасына алсын», «Топырағы торқа болсын», «Иманды болсын» деді олар. Көңіл айтқандардың арасында Қазақстанға және әлемге әйгілі тұлғалар бар.

Еске сала кетсек, 15 тамыздан 16 тамызға қараған түні Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында 30 жасқа қараған шағында

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені — Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды. Алдын ала болжамға сәйкес, оның жүрегі тоқтап қалған.

1990 жылы 26 тамызда дүниеге келген Айсұлтан Назарбаев – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің екінші ұлы. Оны бұқаралық ақпарат құралдары көбінесе «Елбасының сүйікті жиені» деп атайды.

Кейін сенаттың бұрынғы спикері Дариға Назарбаева ұлының өмірден өтуіне қатысты пікір білдірді.

Сонымен қатар, Нұрәлі Әлиев те әлеуметтік желісіндегі парақшасында көз жұмған бауыры Айсұлтан Назарбаевқа арнап әсерлі видео жариялады.

 

[:]