[:kz]
Қазір әлеуметтік желіде еш қымсынбастан жалаңаш тәнін көрсетіп, ерсі әрекетімен елге танымал болғысы келетін қаракөздеріміздің қарасы көбейіп келеді. Мәселен, күні кеше жалаңаш кеудесін көрсетіп танымал болғысы келген ару тағы да шешінді.
Ал депуаттар мұндай бойжеткендерді енді алаңға шығарып дүре соғамыз деп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Тағы да төсін ашты. Бұған дейін де оғаш қылықтарымен әлеуметтік желіні шулатып, жалаңаш кеудесін жұртқа көрсетуден еш қымсынбаған модель елдің назарын өзіне тағы аударды. Елдің қытығына тигісі келді ме, әлде хайп қуам деді ме, ол жағын білмедік. Ал, оның өзі бұл әрекетін былай деп түсіндірді.
«Жалаңаштану ұлт таңдайды деп ойламаймын. Ешқайсын қарамаймын, өз жұмысымды жасап жүрмін. Көшеде, әлеуеттік ортада жүрген жоқпын! 1-2 достарымның жібергенін көргенмін, не істерін білмей отырғандардың тірлігі. Биыл позивтив көп, мен соны байқадым. Халық енді түсініп жатыр», — дейді модель Динагүл Тасова.
Тасова кеудемді ашық күйінде көрсетуде тұрған ешбір әбестік жоқ дейді. Керісінше, қазір қорғамның пікірі өзгерген көрінеді. Посттың астында негативтен гөрі, позитив басым екен. Десе де халықтың қамын ойлап жүрген депутаттар мұндай қыздарды алаңға шығарып дүре соғып, қамшының астына алу керек деп есептейді.
«Бірден оларды дүре соққым келеді! Басына кәдімгідей қан шауып, намысыңа тиетін дүниеге айналасың. Жеке бастың мүддесін, жалпы ұлт ретінде көршілес мемлекеттер біз туралы не ойлайды? Азғындыққа ұшырапты, намыстанасың! Көршілес тұрған иманы бекіген ұрпақ азғындалып бара жатыр!», — дейді мәжіліс депутаты Нұрлан Әлімжан.
Осылайша шешінгендерді дүре соққысы келген депутат әрі әнші Нұрлан Әлімжанов әріптестерін де тәрбиелейтін көрінеді. Оның сөзінше, қазір киелі сахнада жүріп арзан хайп қуатындар қатары көбейген. Бәрінің мақсаты бір — инстаграм арқылы ақша табу.
«Менің территориям дейді де отырады ғой. Артыңды қысып отыршы дедім. Үлгі болсаңшы, лентам тоқтап қалады дейді, мен түсінбеймін. Біз де жалаңаштанайық, тек қана көтендерін көрсетіп, қаншама қаракөз қарындастарым жүр», — дейді Нұрлан Әлімжан.
«Қазақ қыздарының жалаңаштанып бір жерге шығуы дұрыс емес. Ешқашан тән емес. Біріншіден, заң түрінде біз тыйым қоя алмаймыз!», — дейді депутат Нұржан Әлтаев.
Бұған дейін де әлеуметтік желіде беті бүлк етпестен жалаңаш тәнін көрсетіп, ерсі әрекетімен елге танымал болғысы келген қаракөздеріміздің оғаш қылықтарын көрдік. Айттық, сынадық! Халықтың ызасын тудырғанына қарамастан, бірі төсін ашып тыраштанса, қалғаны тәнінің сұлулығын жалпақ жұртқа жариялап жарысты. Ал, мамандар мұндай тенденцияға мындай диагноз қойыпты.
«Әркім жеке өміріне құқылы. Бірақ қоғамды тәртіпте ұстайтын белгілі нормалар бар. Төмен болу психилологиялық ауытқудың белгісі. Бұл көбінесе бала мен ата-ананың байланысының нашарлығы. Әсіресе қыз бала, жеткілікті дәрежеде көңіл бөлібенсе, мұндай қыздар ашық болады», — дейді психолог Ержан Мырзабаев.
Дауасы жоқ дерттің шипасы қашан пайда болатыны белгісіз. Тек, тәнінің сұлулығын жалпақ жұртқа көрсетіп, танылғысы келетіндердің басым көпшілігі, жалғыздықты бастан кешіп жүрген арулар. Сондықтан да олардың мұндай ерсі әрекеттеріне назар аудармаған жөн дейді психологтар.
[:]