АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Нұрлан Қоянбаев президенттік сайлауға қатыса ма: шоумен ресми жауап қайтарды (видео)[:]

[:kz]

Белгілі әзілкеш Нұрлан Қоянбаев өзін президенттікке үміткер ретінде қатысатына қатысты таңертеңнен бері жұртты мазалаған сұраққа ресми жауап қайтарды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Құрметті қазақстандықтар, отандастар, ардақты ағайын! Мен Қоянбаев Нұрлан Нұғманұлы Қызылорда облысы Шиелі ауданының тумасы ресми хабарландыру жасаймын. Біз командамызбен келісе отырып, шешім қабылдадық. «Бизнес по-казахский» фильмінің жалғасы болады»,- деп әзілдеді Нұрлан Қоянбаев.

Ал видео арқылы ресми хабарлама жасаған Қоянбаевты көрген желі қолданушылары оны шынымен де президенттікке үміткер болғалы тұр деп ойлап, тіпті оған дауыс бергілері келіпті.

«Президент болады екен десем. Сайлауға қатыса ма деп қуаным едім. Жүректі жардың ғой Қоянбаев мырза! Зеленскийден көріп президенттікке кандидат болады екен десем, өтті прикол. Мен Украинадағыдай президент болғысы келіп жатыр деп ойладым. 
Мені сайлаңдар деп айта ма десем. Елбасы ұқсап бір нәрсе айтама десем. 

Нұрлан Қоянбаев президентікке сайланса, мен оған дауысымды беремін және қолдаймын. Басы бар, жаксы, көбісі қолдауда, әлі де кеш емес… Баласын күтеміз»,- деп жазды желі қолданушылары Қоянбаевтың әзіліне қатысты.

Еске сала кетсек, бүгін  интернетте шоумен Нұрлан Қоянбаев президент сайлауына кандидатурасын ұсынады деген ақпарат тараған болатын. Кейіннен, бұл ақпаратқа қатысты Орталық сайлау комиссиясы жауап берді.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от @nurlankoyanbayev 

 

stan.kz

[:]