[:kz]
Бір аптадан кейін Қазақстан халқының саны 18 миллионға жетеді. Бұл туралы V бүкіләлемдік қазақтар құрылтайында ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі мәлімдеді.
“1991 жылы тәуелсіздігіміз жайлы жариялаған кезде қазақтар Қазақстан халқының тек 40 пайыз үлесін құраған еді. Мен сайланғанда қанша пайыз дауыс жинаймыз ойлауға қорықтық. Қазір қазақтардың үлесі 70 пайыздан асады.
Құдайға шүкір, осы жылдары біз Қазақстан халқының санын сақтап қалдық. Жыл сайын елімізде 400 мыңнан аса бала дүниеге келеді. Мен 1 шілдеде Қазақстан халқының саны 18 миллион болатынын мәлімдеймін”, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
Алдағы уақытта бұл көрсеткіш өсуі мүмкін. Себебі елбасы өзге елден көшіп келгісі келетін қазақтарға бар жағдай жасауды тапсырды.
Stan.kz
[:]