АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Нұрсұлтан Назарбаев Путинді туған күнімен алғашқылардың бірі болып құттықтады[:]

[:kz]

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинге телефон соғып, 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Кремльдің баспасөз қызметі жазады.

«Ресей Федерациясының президентін телефон арқылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Куба Республикасының Президенті Мигель Диас-Канель Бермудес, Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған мен Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирил Рамафоса құттықтады», — делінген ақпаратта.

Сонымен қатар тараған ақпаратта «телефон арқылы әңгімелесу барысында екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мәселелері, сондай-ақ өзекті халықаралық проблемалар қозғалғаны» жөнінде айтылады.

 

[:]