АЛТЫНОРДА
Интервью

[:kz]Нұртас Адамбай: Мектептерде хиджаб киюге тыйым салынғаны дұрыс емес, ол адамның құқығын бұзады[:]

[:kz]

 

Актер, кинопродюсер Нұртас Адамбай еліміздегі мектептерде хиджаб киюге тыйым салынғанына қарсы екенін айтты. Оның сөзінше, хиджаб – оны кигісі келген қыз бен Алланың арасындағы қарым-қатынасты білдіреді және оған ешкімнің араласуға құқығы жоқ. Кинопродюсер хиджабқа тыйым салынғанымен, қысқа етекті юбка киюге рұқсат етілгеніне қынжылды. Бұл туралы Адамбай Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында әңгімеледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Алла орамал тағуды әйелдердің құқығын таптау үшін емес, керісінше, оларды қорғау үшін бұйырған. Оранған әйелдер өзін Алланың қамқорлығында жүрміз деп сезінеді. 

Мектептерде хиджаб киюге тыйым салатыны дұрыс емес деп санаймын. Өйткені бұл адамның құқығын бұзады. Біздің елде заң бойынша дін ұстану еркіндігі бар. Мектеп оқушысы орамал таққысы келсе, ол оның Алламен қарым-қатынасы. Оның арасына түсуге болмайды», – деді Адамбай.

Осы ретте актер екі қыз тәрбиелеп отырған имам туралы айтып берді. Оқу орындарында орамал тағуа рұқсат етілмегендіктен, дін қызметкерінің шарасыз күйде отырғанын жеткізді. 

«Бір күні имаммен сөйлестім. Ол үшін ислам деген бәрі екенін көрдім. Оның екі қызы бар еді. «Мемлекеттік мектептерде хиджаб киюге тыйым салды. Жарайды, жеке мектепке ауыстырдық. Кейін ол жерде де тыйым салды», – деді. Ол көзіне жас ала отырып: «Менің басқа елге кетуге мүмкіндігім жоқ. Енді мен не істеуім керек? Қызым: «Әке, неге мен орамал таға алмаймын?»  деп жылайды», –  дейді. 
Қыздың орамал таққаннынан кімге зиян тиеді? Орамал тақпайтын басқа қыз ол үшін өзін жаман сезіне ме? Ол бір қорқынышты маска киіп алып, адамдарды қорқытып жүрген жоқ қой», — деді кинопродюсер.


Осы орайда Адамбай оқу орындарында, қоғамдық жерлерде қысқа етекті юбка киюге тыйым салынбағанына қынжылды. Оған айналадағы барша еркектердің назары ауатынын, сол арқылы күнуға бататынын түсіндірді. 
 

[:]