[:kz]
Оппозиционер Алексей Навальныйды қолдау акциялары Ресейде ғана емес, АҚШ-та да болды. Нью-Йоркте өткен наразылық кезінде Қазақстан туы байқалды.
Нью-Йоркте өткен митинг туралы E1.RU басылымына Екатеринбург тұрғыны Дмитрий Ланге айтып берген. «Навальный мен саяси тұтқындарды қолдауға өте көп адам шықты», — дейді ол. Лангенің сөзінше,
«Үлкен алма» көшесіне тек ресейліктер ғана емес, басқа да орыстілділер, соның ішінде қазақстандықтар шыққан. Тіпті біреулер Қазақстан туын да ала барған. «Ту, плакат ұстап Таймс-скверге дейін 40 көшені жаяу жүріп өттік. Адамдар кімнің плакаты ең әдемі деп сайысып жатыр. Акцияға тек орыстар ғана емес, орыстілділер де қатысты. Мұнда белорустар бар, Қазақстанның да туы көрінді», — дейді Дмитри
І
с-шара туралы ақпарат бірнеше әлеуметтік желіде бірден пайда болған, сондықтан барлығы акция туралы білген. Нәтижесінде бірнеше жүздеген адам қала көшелеріне жиналған. Еске сала кетсек, кеше 23 қаңтарда Ресейдің бірнеше қаласында Алексей Навальныйдың жақтастары жаппай митингке шықты. Күштік құрылымдар заңсыз ереуілге шыққандарды бірден ұстап әкеткен.
Мәскеудегі Пушкинская алаңында наразылық көрсеткен Алексей Навальныйдың әйелі Юлия Навальная да ұсталды.
[:]