[:kz]
Нью-Йорктегі белгілі қазақстандық полицей Димаш Ниязов бокс рингіне қашан оралатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы полицей спортшысы өзінің Instagram парақшасында жазды.
Димаш Ниязов келесі жекпе-жегін 20 ақпанда Майамиде (АҚШ, Флорида) өткізеді. Ниязовтың қарсыласының есімі әлі белгісіз.
«Кім оралды? Тауып көріңіз», де жазды Димаш.
Ниязов өзінің соңғы жекпе-жегін 2018 жылдың сәуірінде өткізді — ол бірауыздан шешіммен мексикалық боксшы Анхель Саринанадан жеңілді (10-10-3, 4 КО). Содан бері қазақстандық рингке шыққан жоқ.
Еске сала кетейік, Ниязов кәсіпқой бокста өнер көрсетуден басқа, Нью-Йоркте полицей болып жұмыс істейді.
[:]