АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Оған жұрт спикер деп емес, арда туған Сағат Әшімбаевтың ұлы деп қарайды…» — Абай Балажан[:]

[:kz]

«…Сағат Әшімбаев ұлт үшін ерекше қайрат көрсетіп еді ғой. Ол жылдар қазақтың тағдыры таразыға түсіп тұрған уақыт еді. Қазақтың қазіргі жағдайы ол кездегіден мың есе ауыр. Дәл осы кезде мемлекеттік қайраткер болып өмір сүру тағдыры оның ұлына

Белгілі журналист Абай Балажан facebook парақшасына Мәулен Әшімбаевтың Сенат төрағасы болып келуіне орай, оның әкесі – қарымды қаламгер, әдебиет сыншысы Сағат Әшімбаев туралы жақсы мысал жазды. Сол жазбасы арқылы-ақ ол қазақ халқы алдындағы әкенің абыройын асқақтата келіп, тектінің тұяғына одан жеңіл болмайтын «міндет жүктеп» қойды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әуелі автор жазбасының толық нұсқасын оқып көріңіздер…

«САҒАТТЫҢ ЖҮРЕГІ
Марқұм Сағат Әшімбаев, жаңылыспасам, 1991 жылы Тамыз төңкерісі орын алып жатқан күндері жүректен кетті. «Қазақтың ендігі тағдыры қандай болмақ?» деген уайымның тұңғиығына түсіп кетіп, қайта шыға алмай қалса керек.

«Сағат қайтыс болған соң медициналық тексеру жүргізу үшін ішкі органдарын ашып көрген хирургпен әңгімелестім. «Жүректен түк қалмаған, тура граната сияқты пәрше-пәршесі шығып жарылып кеткен» деді хирург» деп мұңайып еді, Шерағаң.

Ол сюжет Қазақ телевидениесінің алтын қорында сақтаулы жатуы да мүмкін. Айтайын дегенім ол емес.

Айтайын дегенім… Ұлтты бұдан артық қалай өліп-өшіп сүйерсің!

Айтайын дегенім… Біздің замандастарымыздың да, ішінде өзім де бармын, жүрегін ашып көрер ме еді?!

Айтайын дегенім… Сағат Әшімбаевтың жүрегінің суреті маған ҰЛТ деген жазу сияқты болып көрінеді де тұрады.

Айтайын дегенім…

Сенаттың спикері болсын немесе болмасын, Мәулен Әшімбаевқа қандай қиын?! Оған жұрт спикер деп қарамайды, арда туған Сағат Әшімбаевтың ұлы деп қарайды.

Сағат Әшімбаев ұлтын қалай өліп-өшіп сүйсе, мына жұрт Мәулен Әшімбаевтан да сондай махаббат күтеді. Ал махаббат жүректен шығады.

Ұлтты сүю үшін елдің бәріне бірдей «Парыз бен қарыз» деген хабар жүргізудің, «Парасатқа құштарлық» атты тамаша кітап жазудың қажеті жоқ шығар. Ұлтты үнсіз де сүюге болады.

Мәулен Әшімбаев Сенатқа төраға болып сайланды дегенде, менің ойыма неге екені белгісіз, Сағат Әшімбаев келді. Сексенінші жылдардың ортасы ауа, тоқсаныншы жылдардың басында Сағат Әшімбаев ұлт үшін ерекше қайрат көрсетіп еді ғой. Ол жылдар қазақтың тағдыры таразыға түсіп тұрған уақыт еді.

Қазақтың қазіргі жағдайы ол кездегіден мың есе ауыр. Дәл осы кезде мемлекеттік қайраткер болып өмір сүру тағдыры оның ұлына бұйырыпты…».

Емеурінді екі етпей ұғатын қазақ әлі де бар ғой. Мысалы, Батиш Атабай есімді желі қолданушы бірден: «Абай, бәріміздің көкейіміздегі сөзді айттың-ау!!!» — деп үш леп белгісімен терең тыныстап алды.

Одан кейін әріптесіміз Алмас Алтай: «Абай аға, әдемі! Әкесін үлгі ете отырып, үйдееей жауапкершілік жүктеп тастадыңыз су жаңа Сенатбасыға. Сүйсіндім. Құттықтау біткен осылай жазылсын да. Май ішкендей, жүрек айнытар көлгірсіген сөздер оқып қап, қапа болып отыр ем. Бар болыңыз», — деп ағынан жарылды.

Қаламгер Қазыбек Иса да: «Құттықтаудың осылай жүрекке жүк артуы – жүректі қозғайды! Жарайсың, атына сай алғыр досым!» — деп ризашылық білдірді.

Өзге желі қолданушылар да сыншы Сағаттың сенатор тұяғына әке жолымен жүрер деген үлкен сенім артуда. Осы орайда, Абай Балажанның жоғарыдағы жазбасынан жұлып алып, орнына көп нүкте қойып кеткен сөз түйінін қолдансақ, «Жақсыдан қалған тұяққа Құдай абырой бергей! Енді бәрі өзіне байланысты»

бұйырыпты…».

 

[:]