АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Оқушыға артылған салмақ арнайы жасақ жауынгеріне артылған салмақтан да көбірек[:]

[:kz]

Кеше қызық үшін деп 3-сыныпта оқитын баламның мектеп сөмкесін таразыға өлшеп көрдім. Шамамен 5 келі салмағы бар екен. Баламның өз салмағы — 21 келі. Сонда көтеріп жүретін сөмкесі өз салмағының 23 пайызын құрайды. Салыстырсақ, менің салмағым — 90 келі. Оның 23 пайызы шамамен 20 келі болады. Яғни мен екі шелек суды (20 литр) өзіммен бірге көтеріп алып жүргендей екенмін. Ал біздің білетініміздей, полициядағы арнайы жасақтың экипировкасы (бронежилеті, автоматы, пистолеті, дубинкасы, т.б. бəрі) 13-15 келі тартады. Сонда оқушыға артылған салмақ арнайы жасақ жауынгеріне артылған салмақтан да көбірек деген сөз…

 

facebook.com парақшасынан 

[:]