АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Оқушылардың қылығын желі қолданушылар надандыққа теңеді (видео)[:]

[:kz]

Мектеп оқушыларының ұлттық банкнотамен аяқ киімдерін сүртіп, кейіннен ақшаны жерге тастаған видеосы интернет кеңістігінде қызу талқыланып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

 

Айтулы видеожазба Instagram желісіндегі zhest_kz парақшасында жарияланған.

 

Болжам бойынша, оқушылардың бұл әрекеті мектеп қабырғасындағы кабинетте іске асқан көрінеді. Екі бала алдымен 200 теңгені алып онымен аяқ киімдерін тазалауға кіріседі.Артынан 500, 1000, 2000 және тіпті 5000 теңге алып пасық әрекеттерін жалғастырды.

 

Видеоны көрген көпшілік бұл әрекетке қарсы пікірлерін жаудырып жатыр.

 

Кейбіреулері тіпті бұл видеожазба үшін жауапкершілікке тартып, бұзық оқушыларды жазасыз қалдырмау керек дейді.


http://alashainasy.kz

 

[:]