[:kz]
Жақында көз жұмған ауыр атлетикадан Азия чемпионы Альберт Линдердің інісі Семен Линдер спортшының өліміне қатысты біраз жайттың бетін ашты. Семенның айтуынша, талантты ауыр атлет спорттық мансабында көптеген кедергілерге тап болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
«Біз екеуміз үнемі бірге болатынбыз. Балалығымыз, үйдегі, спорттағы өміріміз бірге өтті. Ол мен үшін аға ғана емес, әкенің де рөлін атқарды. Ол маған ешқашан берілмеуді, өз ісіңді барыңды салып істеуді үйретті. Ағам мені үнемі жігерлендіретін, мықты әрі адал болуға шақырды. Ағам алдына үлкен мақсаттар қойды, ауыр атлетикамен өмір сүрді десем, артық емес.
Ол спортты бәрінен де биік қойды. Өзін толығымен спортқа арнады, зілтемірді қатты жақсы көрді. Өйткені, өзін спорттан тапқан еді.
Оның мақсаты да, арманы да болды. Ол өз елінің патриоты еді. Қазақстанның туын үнемі биікке көтерді. Ол үлкен жүректі адам, ешқашан ешкімді алдаған емес, бәріне көмекте
Посмотреть эту публикацию в Instagram
сіп, жақсылық жасайтын.
Оның жақсы қасиеттері туралы ұзақ айтуға болады. Ол спорттың өзіне бұлай істейтінін білген жоқ. Жылдар бойы біз жаттығу жиынында болдық, ол депрессияға тап болды.
Спортты жанындай сүйетін үлкен жүректі жігіт сынып кетті, сонда да, жаттығуды үзбей, Қазақстан командасының қатарында бола берді. Қасында мен жүрдім. Оның қалай қиналғанын, бес күн бойы ішпей-жемей жүрсе де, жаттығу жасағынын бәрі көрді. Оған ешкім көмектескісі келмеді. Тек қолын сындырып алған соң қасына ешкімді ертпей, үйге жіберді. Осыны жасаған адам – оның жеке бакері әрі Қазақстан құрамасының аға бапкері.
Бапкер ешқашан мамандарға жүгінген жоқ. Ол бізге бала күнімізден көптеген жағымсыз жайттар жасады. Біздің басымыздан не өткенін көпшілігі біледі. Өйткені, оның мақсаты жалғыз ақша еді. Ағам бәрін дұрыс қабылдайтын жағдайда еді. Спорттан кеткеннен кейін де ол барлық ауыртпалықты көтерді. Оның бәрі ұмытып кеткенін де көтере алды. Жаттықтырушы бірнеше рет келі, оған әрі қарай жаттыға беруді ғана айтты.
Мед мамандарға апарудың орнына, шіркеу мен мешітке апарды. Өйткені, Қазақстан командасының аға жаттықтырушысы мәселені осылай шешеді. Менің ағам әрі қарай жаттығудан бас тартқанын білген соң, ол дереу ұмытып кетті. Тұғырда тұрғанде сен бәріне керексің, ал сені сындырған соң, алмастыра салады. Ол ауыр атлетикасыз өмірден өзін таба алған жоқ. Ол ештеңе айтпастан кетті. Менің ағам кетіп қалды!
Мен тек бірнәрсе айтқым келеді. Ол адам емес, ол спортта жүрмеуі керек, ол балаларды жаттықтырмауы тиіс. Маған сеніңіздер, егер спорттын тыс адамды бір апта бойы сонымен бірге жіберетін болсаңыздар, ол адам шыдай алмайды. Өйткені, ол өте қауіпті, адам емес. Біреуді кінәлайтын ойым жоқ.
Бұл бәрі айтуға қорқатын шындық, кезінде біз де қорықтық. Мен үндемей келдім, енді соңына дейін барамын. Осынша нәрсені істеген соң оның бапкерлік қызметте қалуына қалай ары жіберетінін білмеймін. Ол жеке бапкер Қазақстан құрамасының аға бапкері.
Бізді кім жаттықтырғанын гуглдан тауып аласыздар. Осыған қатысы барларды жаратқан жазалайды. Кінәлі адам Қазақстан заңымен жазалануы керек. Ол медаль әкелгенде қуанған адамдар қайда? Қайда бәрі? Олар Альберт құрамадан кеткенде де, өмірден өткенде де болмады. Мен ағасыз қалдым. Ештеңеге қажеті жоқ медальдарды да көміп тастадым. Ол маған да, ағама да керек емес. Альберт үшін дұға жасаңыздар», — деп жазды Семен.
[:]