АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]»Ол мені сүйді»: Баян Мақсатқызы алты жылдан кейін бұрынғы күйеуімен сөйлескенін айтты[:]

[:kz]

Баян Алагөзова алты жылдық үзілістен кейін бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевпен тілдесіп, оған балалары үшін алғыс айтқанын мәлімдеді. Бұл туралы продюсер Harpers Bazaar басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Есентаев 2016 жылы оған пышақ жарақатын салғаннан кейін, 9 жылға сотталған еді. 

«Алты жыл бойы мен онымен байланысқан жоқпын. Өткен аптада өз қалауыммен екеуміз сөйлестік. Мен оны, оның ұстанымын естігім келді. Өйткені, қайталай бергім келмейді, ол менің балаларымның әкесі. Өзіне де: «Сен менің балаларымның әкесі болып қала бересің, ол үшін саған алғысым шексіз», — деп айттым. 

Оның миына кіріп шығатын мүмкіндігім болмады. Ешкім ешқашан біреудің басына кіре алмайды, бірақ мен солай жасағым келді», — деді ол.
Мақсатқызы кездесудің қалай өткенін әңгімеледі. 

«Алты жылда көп су ағып кетті. Қазір екеумізді қыздарымыз бен немеремізден басқа ештеңе байланыстырмайды. Эмоционалды салқындық сезілді, әрине. Бірақ ол өзін жақсы ұстады, мен де», — деп түсіндірді Баян Мақсатқызы.

Бақытбек Есентаев енді үш жылдан кейін бостандыққа шығады. Журналистің «2016 жылғы жағдай қайталанады деп қорықпайсыз ба?» деген суалына продюсер: 

«Мен ертең үйден шығып, басыма кірпіш түсіп кетуі мүмкін. Сондықтан толықтай мына әлемге, өмірге, құдайға, әділеттілікке сенемін және барлығы жақсы болады деп үміттенемін. Өйткені осыдан көп жылдар бұрын мен оны өзім таңдадым ғой. Осы адаммен жиырма бір жыл бірге өмір сүрдім. Қазір келіп «бұл үлкен қателік болды, сұмдық болды» дегенім болмас. Олай айтпаймын да, өйткені ол шындық емес. 

Мен ол адаммен бірге тұрдым. Екеуміздің жақсы естеліктеріміз болды, әлі де бар. Біз жақсы балаларды тәрбиелеп өсірдік. Күйеуім жаман, ал балаларым жақсы болмайды ғой. Балаларым адекватты, толыққанды, әке-шешешсінің махаббатына қанған. Оны жоққа шығара алмаймын. Барлық мәселе ода емес, менде еді. Ол мені сүйді. 

Менде бәрі болды. Гүл де, бриллиант та, шуба да, жақсы өмір де, машиналар да… Мұның барлығы онымен бірге болды. Қолынан келгенше мені жақсы көрді. Сондықтан қазір отырып бәрі жаман болды дей алмаймын. Бәрі жақсы болды, тек әйелдер үшін маңызды сол бір эмоционалды бөлігінен басқа… Мен махаббатты қаладым. Махаббатты қаласам, оны да алдым. Сондықтан бірге өмір сүрген жылдарымыз үшін оған алғыс айтамын», — деді Баян Мақсатқызы. 
  

[:]