АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Өлім аузына дейін алып барған»: шымкенттік азамат әйелін туыстарының көзінше тепкіледі (ФОТО, ВИДЕО)[:]

[:kz]

Пакиза Бопинаева есімді желі қолданушы Instagram парақшасына Шымкент қаласының Қаратау ауданы аясында болған бір оқиғаның видео, фотоларын жариялады. Айтуынша, оның сіңлісін күйеубаласы көзінше тепкінің астына алған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Осы видиолар өз қолыммен түсірілген. Сонда Шарамига деген сөздің қазақшасы Бейшара деген сөз ғой, бұл адамдар осылай Адам баласын қорлап, қанын сорып, 4 жыл бір отбасы болып, бір адамның өмірі ойыншық болды ма? Мүмкін осы сөздері үшін де жауапқа тартылу керек шығар? Б-ның мамасы да бәрін біледі, әрине әркім өз баласын қорғап шығады. Бычевка деген сөз Құл деген сөз емес пе? Адамның құқығын қорлап, өмірін ойыншық еткендер заң алдында жауап берсе екен деймін… Ұят, ұят деп жүрдік. Бүйте берсе, Адамға қастандық жасаудан да тайынбайды. ЗАҢ АЛДЫНДА ӘЛІМЖЕТТІК ЖАСАҒАНЫ ҮШІН ЖАУАП БЕРУІН СҰРАЙМЫН. БАРЛЫҚ АДАМҒА ОСЫЛАЙ ҮН ҚАТАДЫ, СӨЗДІҢ ДИАЛОГЫ ОСЫЛАЙ БАСТАЛАДЫ. ҮНДЕМЕГЕН АДАМНАН ДА ҮН ШЫҒАДЫ. Өз көзіммен көрген соң қорлағанына шыдамадым. Өз ойымды осылай жеткізгім келді», — дейді жазба авторы.

Ал оны өзінің facebook парақшасына жариялаған жергілікті заңгер Айла Жұмалиева Ішкі істер министрлігін, Бас прокуратураны, Шымкент қаласының прокуратурасын белгілеп, олардан осы істі тексеруді сұраған.

«Шымкентте адамның құқықтары жерге тапталуда. Автордың айтуынша, қаншама айғақты заттар бола тұра, ұрып, теуіп, өлім аузына дейін алып барған мына еркекке көрілетін шара жоқ. Өздеріңіздің алдарыңызға салып жатқан фото, видеолар айғақ болмай, не енді, айтыңыздаршы? Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция бөлімі жазған арызды қарамай жіберіпті, телефонға смс болып келді дейді жазба авторы.

Әлде, Қаратау ауданы полициясының бәрін әлгі жігіт сатып алғаннан сау ма? Мүмкін тамыр-таныс, көке-жәке болып кетті ме екен? Әлде, біздің елде адам өлгеннен соң ғана қимылдай ма? Мына ұрып, басынан хайуанды тепкендей доп қылып жатқан фото, видеолар бола тұра жазылған арыз қаралмаса, полицияға айтатын сөзім жоқ.

Халық бекерге полиция тарапына наразылық білдірмейді екен ғой. Заң бәріне ортақ емес пе, ағайын? Өз әйелін итше сабаған еркектің барынан жоғы жақсы емес пе?» — деп заңгердің өзі біржақты эмоцияға бой алдырып отыр.

Әрине, оны көрген көпшілік мәселенің анық-қанығын білмесе де әйелге қол көтерген тұрғынды жаппай жерден алып, жерге салып, қарғап-сілеп әлек. Тек Нәдір Байқоныс есімді азамат: «Бекерден бекер емес, қатын құтырған заман. Аузын тыйса, ләм демейді еркек», — десе, Құрал Сейітханұлы деген кісі де: «Мына қатын өзінің аузынан тапқан болуы да мүмкін ғой», — деп басым көпшілікке қарсы пікір білдірген.

Тіпті, бұл тұрғыда Асылжан Муфтахов атты азамат: «Заң қайда әкеліп соқты? Әйел ер адамды мүлде сыйламай кетті. Заңға өзгертулер енгізу керек, ақылдылар ойласын, қандай заң керек екенін. Қатын құтырған заман болып кетті, қит етсе айрылам деп. Баланы ойламайды да. Әйтеуір бір бөлек тұрсам, өзім бағам, өзім асыраймын деп, арты кайғылы жағдай болып жатады. Келесі күйеуі баланы неғылсын, қорлап-зорлап кетіп жатыр.

Жайдан-жай ешкім теппейді ғой. Кінәсі болып тұр. Қазір қатындардың басқа еркекпен кездесіп келуі проблема емес, байы болса да. Сондай бірдеңе болып тұр ғой бұларда», — деп өз оймен өзі әуре болып кеткен.

Кім не десе де, ақ-қарасын жоғарыда заңгер атап көрсеткен құзырлы орган өкілдері анықтауы тиіс.

 

[:]